Бас редактор

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Назар аударыңыз

____________________

_____________________

Күнтізбе

Қыркүйек 2022
ЖДССБЖС
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Көмек Назаров

Көмек Назаров

Өмірдерек

Назаров  Көмек  1932  жылы  Төлеби  ауданы  Қазығұрт  ауыл  советі    "Қарақия"   ауылында  туылған.   1944  жылы   "Қарақия"   мектебін, 1947  жылы   "Атбұлақ"   жеті  жылдық мектебін  бітіріп. 1947 - 1950  жылдары    "Қарақия"  колхозында   мал  фермасында  бас  есепші  болып  жұмыс  істеді.

1950  жылы  Шымкент  қаласындағы  педагогикалық  училищеге  оқуға  түсіп, 1954  жылы   бітірді  және   сол  жылы  қазіргі  Жетісай   ауданы, Тельман   атындағы   орта  мектепте  1958  жылға  дейін, 1958 - 1960  жылдары  сол  ауданның "Военвед"   малды  ауылында  бастауыш  мектебінің меңгерушісі,  оқытушы   қызметін  атқарды.

1960  жылы  Қазығұрт  ауданына  ауысып, Қақпақ  ауылындағы  Крупская  атындағы  орта  мектепте  мұғалім  болады. 1962  жылы  Шымкент    педагогикалық   институтына  сырттай  оқуға  түсіп, 1967  жылы  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің    оқытушысы    мамандығын  алады.

1964  жылы    бұрынғы   "Күйік"  совхозы, №1  фермасындағы  "Қазығұрт"  сегіз  жылдық    (қазіргі  орта )   мектепте  1969  жылға  дейін  қазақ  тілі  пәнінің   мұғалімі   болады.

1969 - 1970  оқу  жылында   "Атбұлақ "  орта  мектебінде   директордың  оқу - тәрбие  жұмысы  жөніндегі  орынбасары   болып  қызметке  ауысты, кейін  интернат   меңгерушісі,  оқытушы  қызметтерін   үздіксіз   атқарып   жүріп, 1992  жылы  зейнеткерлікке  шықты.

Мектептегі  қызметтері  бағаланып,аудан, облыс  оқу  бөлімдерінен  бірнеше  мәрте  мақтау  грамоталарымен  және  "Қазақ  ССР   халық  ағарту  ісінің  озық  қызметкері"  белгісімен  марапатталған. "Еңбек  ардагері"  медалінің  иегері.  Шығармашылықпен  айналысады. Аудандық, облыстық  газеттерде  өлең  мен  жастар  тәрбиесіне  байланысты  мақалалары  жарияланып  тұрады.

Қазығұрт  туралы   жазған  көлемді  шығармасымен  аудан  жазба  "Мүшәйрасына"  қатысып,  жүлделі  орынға  ие  болған. Төрт  кітабы  баспадан  жарық  көрді.  "Арман  асуы",  "Аманат", "Ұрпақтарға   ұлағат",  "Ақниет". Кітаптар  дерлік  поэзия  жанрында  жазылған.  Жастар  тәрбиесі -кітаптың  негізгі  арқауы.


 
 

Білім саласы

_______________________

_______________________

_______________________

Порталды пайдаланушылар

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін246
mod_vvisit_counterКеше295
mod_vvisit_counterОсы аптада745
mod_vvisit_counterӨткен аптада1765
mod_vvisit_counterОсы айда6838
mod_vvisit_counterӨткен айда6099
mod_vvisit_counterБарлыгы1291402

Қазір онлайнда : 20
Сіздің IP: 18.208.187.128
,
Күні және уақыты: 2022-09-28 06:21