Бас редактор

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Назар аударыңыз

____________________

_____________________

Күнтізбе

Қыркүйек 2022
ЖДССБЖС
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Күләш Ибрагимова

Өмірдерек

Ибрагимова Күләш Сабзалықызы 1954 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. ОҚО, Қазығұрт ауданы, Қарақозы Абдалиев атындағы жалпы орта мектепте география пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі. 1970 жылы мектеп тәлімгері  болып, педагогикалық  еңбек жолын бастаған. 1971 жылы Алматыдағы қыздар мемлекеттік пединститутының  жаратылыстану  факультетіне оқуға түсіп, 1976 жылы аталған институтты үздік дипломмен география, биология пәнінің мамандығы бойынша бітірген.

1976-1980 ж.  аралығында  ОҚО,  Қазығұрт   ауданы  "Комсомол" орта мектебінде, 1980 жылы осы аудандағы Жданов атындағы орта мектепте  оқу-тәрбие жұмыстар  бойынша  орынбасары, 1991 -1997 ж. аралығында директор қызметтерін абыроймен атқарған.  1997  жылдан бастап география пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып  келеді.  Ибрагимова Күлаш осынау 40 жылдан астам  педагогикалық еңбек жолында, өзінің саналы ғұмырын, білімін,  күш -жігерін ел ертеңіне ие жас ұрпақтың  білімі мен тәрбиесіне арнаған айтулы азамат  ретінде танылды.

К.Ибрагимова  шығармашыл ұстаз, сөз шығарып,  өлең  жазады.  "Өлеңім - өмірім", "Ғұмыр- дария" өлеңдер жинағының авторы және  газет - журналдарда  қаншама өлең жырлары  жарық көрген.  Өнерлі ұстаз,  мол педагогикалық  тәжірибе жинақтаған білікті мұғалім К.Ибрагимованың нәтижелі еңбегі ескеріліп,  облыстық білім департаменті,  кәсіподақ  комитеті, аудан әкімі,  аудандық білім бөлімі тарапынан  бірнеше дүркін  құрмет   грамоталарымен, алғыс хаттармен,  "Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне - 20 жыл"    медалімен және  "Ы.Алтынсарин"  төсбелгісімен  марапатталды.

Киелі Қазығұрт іс - тәжірибелік еңбегі бар. Республика және облыстық газет  - журналға   шыққан.

 

Өлеңдері:

Мен қазақпын

Мен қазақпын, ерекше даралығым,

Бастан өтті-ау бірнеше қаралы мұң

Қадіріңді ұқпасам, кешір халқым,

Ол да болар, менің бір балалығым.

Мен қазақпын, биікпін, -байтақ елмін,

Мақтанышпен келеді айта бергім.

Тарихымда қаншама сырлар жатыр,

Мың тіріліп, мың өліп, қайта келдім.

 

Ұрпағымын солардың жолын қуған,

Басқа елден ерекше дара туған,

Мен қазақпын, мақтанам әлемге мен,

Қасиетін бабаның ала туған.

 

Мен қазақпын, Отаным - Қазақстан,

Халқым менің жаралған ар -намыстан.

Мен қазақпын, дәстүрлі елім дархан,

Барша халық туыстай- ғажапстан.

 

Мен қазақпын келеді айта бергім,

Әлемдегі мен деген байтақ елмін,

Қанша зұлмат  өтсе де, бір басымнан.

Тарихымды жоғалтпай қайта келдім.

 

Қазақ  деген сөз өзі  "еркін халық",

Бүкіл әлем тұр әне бізді танып,

Байлығымен әлемде жұлдыздай боп.

Картасында әлемнің оттай жанып.

 

Оян қазақ, мың өліп, мың тірілген.

Қиын болған бір күнің, бір күніңнен.

Егеменді ел болдық, жинал енді,

Көрін қазақ, игі іспен, тірлігіңмен.

 

 

Ана тілі

 

Ана тілі баспалдағы қазақтың,

Сол тілменен жеңіп алған  азат күн.

Сол тілменен  шығарып үн сәби де,

Алған сөзі қайталанбас  ғажап күн.

 

Сол тілменен сатылаған өмірім,

Сол тілменен көтерілген көңілім,

Сол тілменен кең даласы қазақтың

Сақтап қалған сүрген өңірін.

 

Сол тілменен ақыл айтқан билер де,

Нұрпейіс пен Дина тартқан күйлер де,

Сол тілменен біртума боп туылған,

Абайым да ақ  шаңғаңды үйлерде.

 

Сол тілменен  дәстүрлер де жалғанған,

Жаяу Мұса әндерін де халқы сүйіп тыңдаған.

Тарихымды  ашып қалсам тағы сөйлейді алдағы,

Абылай қазақ үшін барлық мүлкін жинаған.

 

 

Бір ауыз сөз

Ойлап -пішіп, айтылатын асыл сөз,

Қазынасы таусылмайтын адамның.

Парқына жетпей айтқан қаңқу сөз,

Ой-өрісін көрсетеді наданның.

 

Бір ауыз сөз, бар тарихты қозғайды,

Асыл сөздер мақал болып тозбайды.

Жолын  тауып сөйлей білсе жолымен,

Лаулап оттай, әр жүректе маздайды.

 

Бір ауыз сөз, лайлайды арыңды,

Бір ауыз сөз, шашып кетер барыңды,

Бір ауыз сөз жеткізеді бақытқа,

Бір ауыз сөз қинап өтер жаныңды.

 

Бір ауыз сөз кейде маздап жанады,

Мәртебесін көк аспанға  көтерер,

Бір ауыз сөз, мағынасыз айтылса,

Қараңғылық көңіл - ойға жетелер.

 

Бір ауыз сөз -  адамзаттың аңсары,

Бір ауыз сөз - махаббаттың кәусары.

Бір ауыз сөз - адамзаттың қорғаны,

Бір ауыз сөз - көңіліңнің арманы.

 
 

Білім саласы

_______________________

_______________________

_______________________

Порталды пайдаланушылар

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін110
mod_vvisit_counterКеше295
mod_vvisit_counterОсы аптада609
mod_vvisit_counterӨткен аптада1765
mod_vvisit_counterОсы айда6702
mod_vvisit_counterӨткен айда6099
mod_vvisit_counterБарлыгы1291266

Қазір онлайнда : 15
Сіздің IP: 18.208.187.128
,
Күні және уақыты: 2022-09-28 05:21