Бас редактор

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Назар аударыңыз

____________________

_____________________

Күнтізбе

Қыркүйек 2022
ЖДССБЖС
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Момбек Әбдәкімұлы

Өмірдерек

Момбек Әбдәкімұлы  1959  жылы Оңтүстік  Қазақстан  облысы , Қазығұрт ауданы,  Атбұлақ  ауылында  туылған. Көкшетау  университетінің  қазақ тілі  және  әдебиеті  факультетін  бітірген.

Жазушы,  шежіресі."Ойсыл  шежіресі" , "Сіргелі  Қарабатыр шежіресі", "Сіргелі  Шалдар - Бәйжігіт  шежіресі", "Жаныс  шежіресі", "Жаныс  Оймауыт  шежіресі", "Шымыр  шежірес", "Төлеңгіттер  шежіресі" , "Зобалаң", "Сүлеймен қарақшы","Қараман  қарақшы", "Естемес би", "Ақпан батыр", "Разворщитің  жан  сыры", "Құбыжықтар мен алысқан  адам", "Самұрық - қазақ  мафиясының  көсемі ", "Қазақстандық  наркобароннның  ақыры", "О  дүниеден оралғандар" сияқты  кітаптар мен  хикаялардың, сондай -ақ қаңлы, Дулат , Шанышқылы, Жалайыр, Арғын, Қоңы

рат, Ысты,Ошақты, Шапырашты,Найман, Сіргелі, Кіші  жүз

тайпаларының шығу тегіне және де Оңтүстік  Қазақтарының  өткен  ғасырдағы  тарихына қатысты жазылған  көптеген  зерттеу  мақалаларының авторы. Жазушылар  және  Журналситер  одақтары  сыйлықтарының  лауреаты.

2007  жылдың  "Ең  үздік  жазушысы".

 

Шығармаларынан үзінділер:

Шегірлер жайлаған  жер-су, ауыл  атауларының  мән-мағынасы

Қазығұрт - бұл  өлкені  Дулат  тайпасынан  тараған  рулар  есте  жоқ  ескі  заманнан  бері  мекендеген. Арғы  замандарда  мұнда  біздің  арғы  аталарымыз  боп  есептелген  Сақтар, Үйсіндер,Қаңлылар, Түргештер, Қыпшақтар  жайлаған. Шегірлердің  бастауы  да  осы  тайпаларға,  әсіресе  Үйсіндерге  жатады. Үйсінге  қарайтын  рулар  тарихтың  ұзақ-сонар  көшінде  әр  түрлі  ұлыстарға  бөлініп,  кейіннен Түрік  қағандығы, Түргеш, Қарлық, Қарақаңлы  қағанаттарына  бөлінді. Және  осы  атаулармен  аталды. ХІІІ-ХҮ  ғасырларда  Қазығұрт  өлкесі  біраз  уақыт  Шыңғыс   ұрпақтарының  иелігіне, одан  соң  Ақсақ  Темір  әулеттерінің  құзырына, бұдан  кейін  Бұқар  хандығының  негізін  қалаған  Абдолла  ханның  қол  астына  қарады. ХҮІ  ғасырдың  басында  бұл  өңірді  бүкіл  Орта  Азияны  билеген  Мұхамед  Шайбани  басыр алды. Бірақ  қазақ  ханы  Қасым  кешікпей  бұл  жерден  оны  қуып  шықты. Сөйтіп  Қазығұрт  өлкесі  қазақ  жұртының  қарамағына  түпкілікті  өтті.

Қазақи  ұғымда ,  жалпы  исламдық  ұғымда-Қазығұрт  әулие  тау. Оның  әулие  атануы  жайында  түрлі аңыз-әңгімелер  көп-ақ. Бірақ  олардың  ең  шоқтығы  биігі, әрі  халық  арасында  ең  көп  тараған  нұсқасы  мынау: "Жер  бетінде  ілкіде  екі  ләк  халық  өтіпті."  (Ләк  дегеніміз - дәуір)  Діни  әңгімелерде  бірінші  ләктің  қалай  күйрегені,қалай  жер  бетінен  жойылған  жайлы  айтылмайды. Ал екінші  ләктің, яғни  дәуірдің соңында  адам  баласы  тым  мастанып, көптеген  сүйкімсіз  һәм  былықты  істерге  батыпты. Көкте  Жаратқанның , жерде  әулие-әмбиелердің бар екенін  еске  алмай,  қылмыс  пен  зинақорлыққа, алаяқтық  пен  алдампаздыққа,  күпірлік пен  қанағатсыздыққа  ден қойып,  әбден  бұзылыпты. Қыз-ананы, іні-ағаны, бала-әкені  тыңдамай, әркім  өз  білгенін  жөн  депті. Сонда  Нұқ  деген  адам көктегі  Алладан  жер  бетін  тым  сорақы  істерге  батқан  пенделерден  тазартуды  сұрап,  оған  күндіз-түні  жалбырыныпты, Ақыры  бір  күні  оның  өтініші  Алланың  құлағына шалынып, Жаратқанның  періштетелер  арқылы  мынадай  бұйрық  келіпті. "Ұзындығы  жүз қадам,  көлденені  елу  қадам, биіктігі  жиырма  құлаш  кеме  жаса да,  соған  жер  бетіндегі  барлық  жәндіктер  мен  аңдардың  екі-екі жұбынан  сал. Ұл-қыздарын  мен  әйелдеріңді  де  соған мінгіз. Сен дайын  болған  күні  мен  жер  бетіне  топан  су  қаптатам".

Нұқ  Алланың  айтқан  әмірін  орындады. Сол-ақ  екен, аспан  төрінің  бәрін  қара  бұлт  қаптап,   қатты  нөсер  басталды.  Дүниені  қара  түнек  басты. Шлектеп  құйған  нөсер бірнеше  күн  тоқтамай,  жер бетін  топан су  қаптады. Күнәһар  пенделердің  барлығының  жандары  шырқырап, суға  батты. Ал  Нұқтың  кемесі  топан  су  бетінде  бетінде  бірнеше  ай  бойы  жүзіп, бір  биік  таудың  басына  қайырылады. Осы  кезде  топан  су  қайтып, жер беті  ашылды. Сол сәтте  Жаратқанның  даусы  естілді: "Нұқ, бұдан  былайғы  жер бетін  жайлайтын  адамзаттың  түп  қазығы  осы  таудан басталды. Тау  басына  осы  жерден  адамзаттың  таралған  белгісі  ретінде  қазық  ұр!"

Нұқ  тау  басына  қазық  ұрды. Кемеде  өзімен  бірге Хам, Сам, Яфас  атты  үш  ұлы, Малика, Перизат, Күнизат  деген  үш  қызы  келіп  еді. Үш баласына  бір-бір  қызын  қосып, жердің  үш  тарабына  жіберді. Жұп-жұп  етіп  әкелген  аңдар  мен  жәндіктерлі  қоя берді. Сөйтіп  осы  дәуірдегі  адамзаттың  бастауы - Нұқ  қазық  ұрған  таудан, яғни  "Қазық  ұрған"  деген сөзбен  атауы  Қазығұрт болып  қалыптасқан  таудан  таралады. Осыған  байланысты  Қазығұрт  адамзаттың түп  қазығы  басталған  әулие   кеткен.

Ақбура мен Әңгір ата - ол  Қазығұрттың  батысындағы  қалың  долана,  қарағаш, қаратал, бакатерек, жабайы  шие  ағаштары  аралас  нулы  сай. Нулы  сайдың  төр жағында  жан-жағы  қатпар-қатпар  жылтыр  тастармен  көмкерілген  жыра  бар. Қатпарлы  тастың  астынан  буырқанып  шығатын сондай, сыртқа  тегіреуінді  екпінмен  арқыраған  судың  беті  ақ  көбіктеніп  тұрады . Төменге  қарай  лықсыған  судан  үнемі  бура  даусына  ұқсас  гуіл  гүрілдеп  тұрады. Ақбура  деген әу  баста  оның  осы  ерекшелігіне  байланысты  шықса  керек. Дегенмен  ел  арасында  мынадай  аңыз бар:

"Ертеректе Қазығұрт  өңіріне  Әңгір, Шәңгір  деген  екі  ғұлама  ислам  дінін  таратуға  келген  екен. Екеуі де  тірісінде  әулие  атанған  абыздар  екен.Құрани  ілімдер  мен  Алладан берілген  құдіреттің  арқасында  екеуі  де  табиғаттың  бар  тылсым  күштерін  игеріпті. Керек  кезде  құстай  самғап  ұшатын, от  боп  жанатын, кәдімгі  жай пенденің  жағасын  ұстататын  ғажайып  нәрселерді  жасай  алыпты. Құрғақшылық  жылдары  аспаннан  жай  шақырып, жаңбыр  жаудыра  алатын, өзенді  теріс  ағызуға  құдіреттері  жететін  ілімге  ие  болыпты. Мың  түрлі  кеселдің  емін, дуасын  біледі  екен. Екеуі  де  өмір бойы  отбасын  құрмай , тек  елге  жақсылық  жасаумен, дәруіш  күйінде  қартайыпты. Таңғы  намаздарын  Қазығұрт  үстінде немесе  Ақбура  басында оқыса, бесін  мен  кешкі  намаздарын  Түркістанға, болмаса Арсытанбабтың  басына  барып  оқитын  болыпты. Жарты  күнде  осы  Қазығұрттан  сонау Түркістанға  қалай  жетіп  баратындықтарын  өздерінен  басқа  ешкім  білмейді екен.Шәңгір  Арыстанбабқа  келгенде, баб: "Ә, Ақбурам, бұрқырап  жеттің бе, аман-есен?!" деп үнемі  ризалықпен  қарсы  алады екен. Намазға  асығып  келген  Шәңгірдің  үстінен  шыққан  тері  ақкөбіктеніп  тұрады екен. Осынысына  қарап, Арыстанбаб  оны "Ақбура"  деп  ныспылапты. Содан  ел  де  оны Ақбура  деп атап  кетіпті.

Өмірдің  жалған, өздерінің  де  күндері  санаулы  екенін  сезген  әңгір  мен Шәңгір (Ақбура) әбден  қартайған  шақтарында  бір  күні Қазығұрттың  басына  шығыпты.Ал, депті Әңгір.-Бұрыннан да әулие, кейіннен де әулие  болып қала беретін  мына Қазығұрттың  басына  енді  қайта шыға алмаспыз. Моламызды  екеуміз  осы  әулие  тауға  жақын жерден  таңдайық. Мен таяғымды түстікке  лақтырайын, сен батысқа қарай лақтыр. Таяқтарымыз  қай  жерге қадалса , сол жерге жұрт  екеумізді  көмсін. Сөйтіп екеуі  таяқтарын  екі  жаққа  лақтырады. Әңгірдің  таяғы  алыстау  ұшып, бір кішкене  төбенің  басына  қадалады. Ал Шәңгірдің  (Ақбураның)    таяғы батыс   басына  барып  қадалады.  Әңгір  жерленген  жер - Әңгір  ата   төбесі, оның  іргесіндегі  ел  де  оның  атымен Әңгір   ата  ауылы  деп  аталады. Ал  Ақбура  қойылған  нулы  сай  Ақбура  әулие  делініп  кетті. Оның  суы  да  Ақбура  суы  делінеді.

 
 

Білім саласы

_______________________

_______________________

_______________________

Порталды пайдаланушылар

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін306
mod_vvisit_counterКеше295
mod_vvisit_counterОсы аптада805
mod_vvisit_counterӨткен аптада1765
mod_vvisit_counterОсы айда6898
mod_vvisit_counterӨткен айда6099
mod_vvisit_counterБарлыгы1291462

Қазір онлайнда : 19
Сіздің IP: 18.208.187.128
,
Күні және уақыты: 2022-09-28 06:54