Бас редактор

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Назар аударыңыз

____________________

_____________________

Күнтізбе

Қыркүйек 2022
ЖДССБЖС
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Рүстем Бекзат

Өмірдерек

Бекзат Рүстем Мәжитұлы 1961жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы,Қазығұрт ауданы, Қарақозы Әбдалиев ауыл окургне қарасты Атбұлақ ауылында дүниеге келген.

Бекзат Рүстем  1978 жылы Атбұлақ орта мектебін бітірген соң еңбек жолын сол мектепте аға пианер жетекшісі болып бастады.1979 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына түсіп ,1983 жылы аталған институтты жалпы техникалық пәндер факультеті бойынша бітірді.Ол иниститутты бітірген соң Атбұлақ орта мектебіне мұғалім болып орналасты. Сол жылы күзде әскер қатарына шақырылып, 1985 жылы әскери борышын ойдағыдай өтеп келген соң  Атбұлақ орта мектебінде мұғалімдік қызыметін жалғастырды. 1987-90  жылдар арасында Атбұлақ жанындағы  интернат меңгерушісі болып қызмет атқарды.1990  жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдік қызметіне қайта ауысты .

Бекзат Рүстем 1990  жылыдың қазан айынан бастап "Ақбура" қоғамдық қорының төрағасы болып, киелі Қазығұрт тауын насихаттап," Қазығұрт - адамзаттың алтын бесігі"  бірнеше дәстүрлі саяхат ұйымдастыруға басшылық жасады.  Қоғамдық  жұмыстарға  белсене қатысып, әрдайым алда болуға ұмтылатын  Бекзат  Рүстем 1987  жылы Қазақстан комсомолының ХVІ съезіне делегат болып қатысып Қазақ  КСР  Оқу - ағарту министрінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Бекзат  Рүстем мектепте оқып жүрген кезінің өзінде өлең жазып, өнерімен көзге түсе бастады.Бүгінде оның өлеңдері аудандық, облыстық,республикалық баспасөз беттерінде жарияланып жүр."Қазағымның-киелі Қазығұртым","Қазығұртқа келіңіз"атты жыр жинақтары жарық көрді.Ол аудандық ақындар мүшәйрасында 5 жыл қатарынан бас жүлдені жеңіп алып, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.1991 жылы өткен алғашқы облыстық мүшәйрада бас жүлдеге, одан кейінгі облыстық мүшәйраларда жүлделі орындарға ие болды. Қазығұрт ауданының 75 жылдық  мерей тойында "Қазығұрттың дарынды перзенті"  номенация иегері атанды. 2002  жылы облыс әкімінің степендия иегері болды. Бекзат Рүстемнің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа арнаған "Қазығұртқа келіңіз" атты өлеңі "Елбасы сыныптастары" кітабына  еніп, көпшліктің  жоғарға  бағасын алды.

2008 жылы "Алтын ақпарат" ақпарат агенттігін құрып, қазіргі кезде "Алтын ақпарат"  веб-порталының  бас редакторы қызметін атқарып келеді. Бекзат Рүстем Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

"Халық қалаулылары" "Мектеп директоры", "Бақ қонған әулет", "Туын тіккен қазағым, қазыналы Созағым" т.б кітаптарының шығуына ат салысты. "Ұлағатты ұстаз" кітаптар сериясын шығаруда. Бекзат Рүстем бірнеше ән сөздерін жазды. "Алтын ақпарат" веб-парталы арқылы 20-ға жуық жобаларды жүзеге асыруда.

 

Өлеңдері

Қазығұрқа келіңіз

Нұрсұлтан Назарбаевқа

Қандай ғажап жеріміз,

Қайсар қазақ еліміз.

Сұранамыз, Нұраға

Қазығұртқа келіңіз.

 

Тойлап кеше Абайды,

Тамсандырдық талайды.

Ұлы ақыны бар елді,

Әлем ұлы санайды.

 

Бірлік басы тірліктің,

Ойламай көп жүр мықтың.

Ордабасы Айналды

Ордасына бірліктің.

 

Таста қалмас жыр тегін,

Ұлы бабам - Күлтегін.

Түркістанның тойында,

Топтасты ғой түрік елім.

 

Өтпелі кез - өткір шақ,

"Мен қазақпын" деп тұрсақ.

Түркістанды тойлап ап,

Қазығұртқа бет бұрсақ.

 

Өтіп жатыр той қанша,

Көңілде көп ой қалса.

Той жақсы ғой халықтың,

Байлығына айналса.

 

Бабам  жырын арнаған,

Бізге жетті арман - ән.

Қазығұрттың басында,

Кеме тегін қалмаған.

 

Тау басында қалса кім,

Бабасы ғой баршаның.

Өмір - бесік Қазығұрт,

Бірік тірер  жер шарын.

Аңызда өмір шыны бар,

Айтар сырын кім ұғар.

Бесігіне адасзат

Әйтеуір бір бұрылар...

 

Қандай ғажап жеріміз,

Қайсар қазақ еліміз.

Сұранамыз, Нұраға,

Қазығұртқа келіңіз.

 

Қазығұрт - адамзаттың арман әні

Қазығұрт - құт мекенім бақ дарыған,

Жауқазын жырың болып атқарылам.

Ағайын, құтты болсын ауданымның,

Жетпіс бес жылдық тойы шат-шадыман.

 

Қазығұрт - адамзаттың арман әні,

Арманы Нұх пайғамбар жалғанды.

Мерейлі мерекеге береке

Жетпіс бес игі ісіміз арналады.

 

Ескерткіш Нұх пайғамбар кемесіне,

Салады аңыздарды ел есіне,

Бас иіп батырлардың әруағына,

Асамыз болашақтың белесіне.

 

Елшібек, Еңке төре аттанданған,

Жақсығұл, Бердіқожа, Ақпан бабам.

Аралбай, Қойгелді мен Есенгелді, Айқынбай,

Жетпісбайлар - мақтан маған.

 

Төлебай, Қожамсейіт, Жолан батыр.

Кикіман, Тоқсан батыр, Құлан батыр.

Саңырақ, Есіркептің тағдырында

Мәңгілік үлгі болар бір ән жатыр.

 

Қазығұрт бағымызды елесін,

Алладан алды келер нешеме сын.

Тәу етіп ұрпағымыз өсе берсін,

Ысмайыл атамыздың кесенесін.

 

"Қазақ елі" партиясына

Қазақтың көп достары,

Қазынасы дастаны.

"Қазақ елі" қадамың,

Қазығұрттан бастады.

 

Бірлік болып басты ән,

Жүрсін елдің жастары.

Қазақ елі көркейсін,

Ашық болып аспаны.

 

Ертеңіме сенем де,

Елді қосам өлеңге.

Лүпілдейді жүрегім,

Қазақ елі дегенде.

 

Халықты ойлау - ол да сын,

Жастар істі жалғасын.

Қасиетті Қазығұрт

Қазақ елін қолдасын.

 
 

Білім саласы

_______________________

_______________________

_______________________

Порталды пайдаланушылар

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін206
mod_vvisit_counterКеше295
mod_vvisit_counterОсы аптада705
mod_vvisit_counterӨткен аптада1765
mod_vvisit_counterОсы айда6798
mod_vvisit_counterӨткен айда6099
mod_vvisit_counterБарлыгы1291362

Қазір онлайнда : 53
Сіздің IP: 18.208.187.128
,
Күні және уақыты: 2022-09-28 05:55