Бас редактор

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Назар аударыңыз

____________________

_____________________

Күнтізбе

Қыркүйек 2022
ЖДССБЖС
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

""Атбұлақ" жанында интернаты бар жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қазығұрт ауданы, Атбұлақ елді мекені.

 

Мектеп директоры Тәшімбет Әлжан Тәшімбетұлы

Жоғары санатты мұғалім. "ҚР халық ағарту ісінің озық

қызметкері" төс белгісінің иегері

 

 

Мектеп тарихы туралы қысқаша мәлімет

Рабат ауыл әкімшілігі аумағындағы "Атбұлақ" ауылында бастауыш мектеп 1929 жылы ашылды. Ол жылдарда (1929-1957 жж) "Атбұлақ" ауылы Георгиевка ауданының қарамағында болған. Ленин (Қазығұрт) ауданының "Күйік" совхозының құрамына 1958 жылы кірген.

1937 жылы іргелес "Ұйымшыл", "Жаңаталап", "Атбұлақ", "Қарақия", "Қаратөбе", "Талдыбұлақ", "Молотов" атындағы жеті колхоздың ұйымдастыруымен кірпіш құйылып, қаржы жиналып, "Атбұлақ" ауылында жаңа мектеп үйі салынды да, орталау (7 жылдық) мектеп болып аталды. 1974  жылы "Атбұлақ" орта мектебі  статусын алды. Мектеп жанында шопандардың  және шалғайда тұратын азаматтардың  балалары үшін 1986 жылы  интернат ұйымдастырылады.  1989 жылы  102  орындық  екі қабатты  интернат үйі  бой көтерді.  Нарық  қыспағы,  бюджет тапшылығынан интернат 1996 жылы жабылып қалды. Алайда, 5 шақырым 5 елді мекеннен қатынап оқитын 75 балаға жағдай жасалып, 2001  жылдан 70  балаға  интернат қайта  ашылды.

2000 жылғы  қарашаның  2 - сі  күні  Қазығұрт ауданы әкімдігінің  № 102  шешіміне сай  "Атбұлақ"  орта мектебі  "Ж.Қаппаров  атындағы  орта мектеп  мемлекеттік мекемесі"  болып  қайта құрылды.

Ж.Қаппаров атындағы орта мектебі дарынды балаларға  арналған №5 мамандандырылған  физика-математика мемлекеттік мекемесіне  ауысуына байланысты,  2007 жылғы 28 қараша күнгі №479 Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысымен "Атбұлақ" орта мектебі жанында  интернаты бар  мемлекеттік  мекемесі   құрылды.

Өзінің 80 жылдан астам тарихында бұл мектепте қаншама ұлағатты ұстаздар қызмет жасаса, солардың еңбегінің көрінісі мектеп түлектерінің жеткен жетістіктері болып саналады. Атап айтатын болсақ:

-  Екі ғылым докторы:

1.  Техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық және ҚР инженерлік академиясының академигі Сағат Сұлтанұлы Жүнісбеков.

2. Экономика ғылымдарының докторы, профессор,Қазақ Ұлттық табиғи Ғылым академиясының корреспондент мүшесі ,  салық полициясының полковнигі Алтынсары Дүйсенбекұлы Умбеталиев

- 11 ғылым кондидаттары:

1. Қаппаров Жамбыл

2. Монтаев Қуандық

3.Бекмұратов Жолан

4. Бекмұратова Ұлжамал

5. Сейітбеков Тұрсын

6. Ниязов Айдар

7. Шамбулов Созақбай

8. Анарбаев Қайрат

9. Шөнеев Сәлімбай

10. Ақылбекова Гүлмира

11. Шамбулова Гулнар

 

- Әдебиет саласында :

1.Ақын Назаров Көмек - бірнеше жыр жинақтарының авторы

2. Шежіреші, жазушы  Әбдәкім Момбек- Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, бірнеші тарихи романдардың авторы.

3. Ақын Бекзат Рүстем - бірнеше жыр жинақтарының авторы, Қазақстан ЛКСМ XVI cъезінің делегаты.

- Білім саласында қызмет еткен, атқарып жүрген  ұстаздар:

1.  Ардагер ұстаз Әбдешов Қуанышбай-Қазығұрт ауданының құрметті азаматы,"ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері" төс белгісінің иегері

2.  Ақын,ұстаз Нәлібаева Жәмила - Облыс әкімінің стипендия иегері,

облыстың үздік педагогы,шәкірті Асан Гүлназ Респубилкалық Абай оқулары байқауының жеңімпазы

 
 

Білім саласы

_______________________

_______________________

_______________________

Порталды пайдаланушылар

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін310
mod_vvisit_counterКеше295
mod_vvisit_counterОсы аптада809
mod_vvisit_counterӨткен аптада1765
mod_vvisit_counterОсы айда6902
mod_vvisit_counterӨткен айда6099
mod_vvisit_counterБарлыгы1291466

Қазір онлайнда : 4
Сіздің IP: 18.208.187.128
,
Күні және уақыты: 2022-09-28 07:20