Бас редактор

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Назар аударыңыз

____________________

_____________________

Күнтізбе

Қыркүйек 2022
ЖДССБЖС
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Жәмила Нәлібаева

Өмірдерек

Нәлібаева Жәмила Жайсаңбайқызы  Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Тасты елді мекенінде 1978 жылы қаңтардың 22-ші жұлдызында дүниеге келді. 1985 жылы Отырар ауданындағы Жаңа шілік елді мекеніндегі Н.К.Крупская мектебінде төрт жылдық білім алып, 1995 жылы өз елді мекеніндегі А.Құнанбаев атындағы мектепті бітіреді.  1995 жылы Шымкент қаласындағы Шығыстану институтына оқуға түсіп, 1999  жылы аталған оқу орнын бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі мамандығын алып шығады. Еңбек  жолын Ж.Қаппаров атындағы мектепте тәлімгер болып жұмыс жасаудан бастады. Қазіргі таңда "Атбұлақ " жанында интернаты бар"  жалпы орта мектебі  мемлекеттік мекемесінде  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасауда.

Жеткен жетістіктері:

2005  жылғы облыс әкімінің стипендиясының иегері.

2011 жылғы облыстық "Білікті де білімді ұстаз" пән олимпиадасының ІІ дәрежелі жеңімпазы.

2013 жылы облыс әкімінің "Үздік  мұғалім" номинациясының иегері.

2013 жылы облыстық, республикалық Абай-Шәкәрім оқуларына талантты шәкірт дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталған. 2014 жылы облыстық, республикалық Мағжан оқуларына талантты шәкірт дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталған.

 

Өлеңдері:

Уақыт бізді күтпейді, замандасым

Арман алдан үміт боп күлімдейді,

Өтіп жатқан әр бір күн білінбейді.

Уақыт бізді күтпейді білесіңбе,

Өмір мәнін түсінбе, түсін мейлі.

 

Уақыт бізді күтпейді, замандасым,

Өзен ағып толтырар өз арнасын.

Із қалдыру артыңа мақсат екен,

Адам болып өмірде жаралғасын.

 

Уақыт бізді күтпейді, замандасым,

Мына өмір маған да саған да сын.

Еріншектің ертеңі бітпейтін іс,

Уақытыңды үнемдеп бағаларсың.

 

Уақыт бізді күтпейді, замандасым,

Білеміз ғой уақыттың оралмасын.

Бабалардың қанымен қалған жаның,

Арзан күлкі, ойынға тоналмасын.

 

Уақыт бізді күтпейді, замандасым,

Имандылық жүректен жоғалмасын.

Құныққанда жинаған дүниеңмен,

Белгілі ғой қабірге бара алмасың.

 

Уақыт бізді күтпейді, замандасым,

Оқыдың ба Ескендір поэмасын.

Қанағатпен өмірге қарамасаң,

Дүниеге жалғанда тоя алмассың.

 

Уақыт бізді күтпейді, замандасым,

Мен де қарап бекерге қала алмаспын.

Ой салар деп өлеңім болашаққа,

Тигізейін параққа қалам басын.

 

Шәкәрім мен Абайдай бола алмаспын,

Маржан қылып тергенде сөз сарасын.

"Хаты өлмейді ғалымның" деген сөз бар,

Толқын болып тербейін ой арнасын.

 

Уақыт бізді күтпейді, замандасым,

Мұндай сәтті күні ертең таба алмайсың.

Жақсы адам бол жақсылық жасай білген,

Сонда ғана тарихта қалады атың.

 

Уақыт бізді күтпейді, замандасым,

Мына өмір маған да, саған да сын.

Із қалдыру артыңа мақсат екен,

Адам болып өмірде жаралғасын.

 

Анама

Жаны жайсаң жайдарлы ана жаным,

Сағыныштан өзіңе ән арнадым.

Өмір бойы қасымда болар деп ем,

Орындалмас бұл күнде бала арманым.

 

Құрсағыңда жан бітіп нәр алғамын,

Тәрбиең мен тәлімің санамда мың.

Қуанышы ананың бала деген,

Үмітің боп мен сенің жаралғанмын.

 

Қыз жат жұрттық қашанда жаным ана,

Өмір өтіп барады сағымдана.

Парызым бар алдымда өтелмеген,

Жиі барып тұрамын сағынғанда.

 

Жинап келем бойыма бар үлгіңді,

Қайталаушы ізіңмін тағдырыңды.

Ана болдым мен дағы, сәби сүйдім,

Білдім ана бұл күнде қадіріңді.

 

Аталар заңы  ұрпақтың қамы

Қазақ деген қасиетті халықпыз,

Әр әліптің артын анық бағыппыз.

Өрлесін деп бейбіт жолмен ұрпағың,

Қалдырыпты бабаларым жарық із.

 

Өткен өмір тарихынан бағалы,

Рухани адам байлық алады.

Ата заңның ең алғашқы іргесін,

"Қасымханның қасқа жолы" қалады.

 

Бейбіт заман адамзаттың арманы,

Талай жанның куә болған ар жаны.

Жерін қорғап, ел тәртібін нығайтып,

"Есімханның ескі жолын" жалғады.

 

Тек даналар ұлық іске шашар дән,

Ел есінде Тәуке хандай бас адам.

Жеті жарғы заңын жазып Әз Тәуке,

Күл төбеде үлкен жиын жасаған.

 

«Ер ел үшін туады»  деп ұғынар,

Үш жүздегі билікте үш ұлы бар.

Қазағымның қайталанбас тұлғасы-

Төле, Әйтеке, Қазыбектей ұлылар.

 

Өмір солай жалғасады өнеді,

Өсем десең, сыйла қазақ көнені.

Егеменді теңдік алып қазағым,

Көтердік  қой көкке бірақ төбені.

 

Қара ағаш

Балдай тәтті бақытты шақ бала жас,

Бала күнді ұмытқаным жарамас.

Талай жылдар өтсе дағы тұр мәңгі,

Сайда өскен сол баяғы қара ағаш.

 

Талай адам өміріне тамсанған,

Талай достар саясында ән салған.

Ғашығына айта алмаса жігіт сыр,

Қара ағашты құшағына ап жар салған.

 

Талай ғашық сонда барып жарасты,

Талай адам сонда барып сыр ашты.

Кәрі ағашты ойламады бірақ та,

Бір күндері дерт шалады ағашты.

 

Бала кезде жайнап өскен қара ағаш,

Қуаң тартып болды бұл кез кәрі ағаш.

Енді міне ауыр дертке шалдығып,

Жапырағынан қалды айрылып жалаңаш.

 

Талай сырды бірге алып қурады,

Таусылмады, бірақ пенде жырлары.

Қураған тал жаман ырым деген соң,

Сол қарағаш орнында көп тұрмады.

 

 

Жүрек сыры

Әнін жазған  Аян Қожанов.

Жанардан мұңлы жас тамды,

Айтамын қалай басқа әнді.

Серігім етіп сенделдім ,

Айлы түн ашық аспанды.

 

Қайырмасы

 

Арман -ай, арман, арман- ай,

Жүрегің лаулап жанбады -ай.

Қиялдың кәусар бұлағы,

Елес боп мәңгі тұрады- ай.

 

Жатырмын жайлау төрінде,

Сайраған құстар көгімде.

Жапанда жалғыз қалғаным,

Түсім бе әлде өңім бе.

 

Қайырмасы

 

Қарлығыш қанат қағады,

Түспеді- ау маған назары.

Сыңарын тапса жүрегің,

Өмірдің сол- ау базары.

 

Қайырмасы

 

 

 

 

Жүрегім сені іздейді

Әнін жазған  Аян Қожанов.

Қара бұлт төніп, себелер жаңбыр,

Сағынар жүрек, қоспады тағдыр.

Айдынға қонбай, кеттің бе шалғай,

Қызғалдақ гүлім, аққуым айдай.

 

Қайырмасы

Сағындым сені асыл арманым,

Әніңе әсем қосылар ма әнім.

Өшірмей мәңгі сезімді жалын,

Іздейді жүрек өзіңді жаным.

 

Жолыңа қарай талды жанарым,

Қайдасың сұлу, нәзік маралым.

Қарақат көзің мөлдіреп қарап,

Жүрсің бе әлде сағымға балап.

 

Қайдасың жаным, арайлы таңым,

Жүректі тербеп, тарайды әнім.

Қарсы алшы күліп, үміт үзбедім,

Жүректің дерті сені іздедім.

 
 

Білім саласы

_______________________

_______________________

_______________________

Порталды пайдаланушылар

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін110
mod_vvisit_counterКеше295
mod_vvisit_counterОсы аптада609
mod_vvisit_counterӨткен аптада1765
mod_vvisit_counterОсы айда6702
mod_vvisit_counterӨткен айда6099
mod_vvisit_counterБарлыгы1291266

Қазір онлайнда : 15
Сіздің IP: 18.208.187.128
,
Күні және уақыты: 2022-09-28 05:22