Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, ел болашағын ойлаған азаматтар!
Болып тұр ғой бүгінде.
Ел болашағы білімді жастарына байланысты. Бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуге ұмтылған Қазақстанда жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз. Ең қажетті ақпаратты, ең пайдалы ақпаратты алтын ақпарат деп атауымызға болады.
Қазіргі кезде бәсекеге қабілеттілік мемлекеттің болашағын айқындайтын басты өлшемге айналды. Мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуы азаматтарының бәсекеге қабілеттілігіне байланысты екені белгілі. Ал жас ұрпақ бәсекеге қабілетті болу үшін сапалы білім алуы керек. Оқушылардың сапалы білім алуына ықпал ететін ақпараттардың алтын ақпарат екені даусыз. Біз ең қажетті ақпараттарды "Алтын ақпарат" веб-порталына жариялау арқылы ұстаздардың біліктілігінің артуына, оқушылардың сапалы білім алуына, ата-аналардың мектеппен байланысының нығаюына ықпал етеміз.
Бәріміз бірлесіп қазақ елін ғажап елге айналдырайық!
Бекзат Рүстем
"Алтын ақпарат" веб-порталының бас редакторы,
ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
|