Бас редактор

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Назар аударыңыз

____________________

_____________________

Күнтізбе

Сәуір 2021
ЖДССБЖС
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Кеше ғана  жарқын күн күлімдеп, бау-бақшада құстар сайрап, өмір маған қызықты да  әсем ертегідей  еді... Кенеттен  көңіліме бұлт торлап, қандайда бір көңіл толмаушылық, реніш, себепсіз ашу кернеп,  көңіл-күйім түсіңкі, өзімнің ешкімге керек еместігімді сезіндім..

Міне осылай адам бойындағы депрессия кенеттен пайда болып, кейде өте ұзақ жалғасуы мүмкін. Ол бірден тез өтіп кетеді,  не болмаса терең де созылмалы түрде болады. Қандай жағдайда да депрессия  - түрлі эмоциялар, елестетулер, еске алулар мен   ойлардың жиынтығы. Әдетте, депрессияны бойынан кешіретін адам оның не  себептен екендігін анықтай алмай әлек болады Депрессиялық жағдайға  түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге,  оның агрессиясы  бірінші кезекте өзіне, содан соң  жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда  жақындары немесе қоршаған ортасы  оның бойындағы өзгерістерді  түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғуы мүмкін.   «Суицид»  латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы -  қасақана өз өмірін қию. Қазіргі таңда  өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы біржақты патологиялық тұрғыдан қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның  мінез-құлқы. Сонымен бірге, өзіне-өзі қол салуға қатысты әрекет.

Жасөспірім кезеңде  суициалдық  мінез-құлықтың  кейбір өзгешеліктері болады. Жасөспірімдер арасында  ересектерге қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың  азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына  жетеді. Суициалдық мінез-құлық  бұл жаста көп жағдайда   демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық  сипат алады. Психолог-ғалым  А.Е.Личконың  көрсеткеніндей,  тек қана жасөспірімдердің 10 пайызы шынайы өлгісі келетін  ниет білдірсе,  ал 90 пайызы  көмекке шақырған жан-айқайы болып есептелінеді.

Міне, осы жағдайлардың  барлығында психолог пен отбасының көмегі қажет. Өкінішке орай, көпшілік психолог қызметінің  не екендігін  және оның не үшін  қажеттігіне мән бере бермейді. Психологты көп жағдайда психиатрмен шатастырады, сондықтан да оның алдына баруға  ұялады.

Ал бұл екеуінің арасындағы айырмашылық бар. Қарапайым сөзбен  айтқанда, психиатр ауруларды емдейді, ал психолог – психикалық тұрғыдан сау адамдарды. Дегенмен, депрессиялық жағдайда адамға көбінесе отбасы мүшелерінің шынайы қамқорлығы, жақындығы, түсіністігі мен демеуі қажет. Осы жағдайда мектеп балаға қандай көмек бере алады? Мектеп психологы – бұл  кешегі мұғалім, бүгінгі – жас маман. Психологиялық қызметтің мазмұнын түсініп, игерген адам оны жақсы меңгеріп кетуі ықтимал.

Мауленбаева Жадыра. Педагог-психолог.

 

ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ  ҚАЙТА ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ ЖОЛДАРЫ

Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі" деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз: мектеп, ұстаз, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз.

Ата-бабаларымыз бізден бұрын бала психологиясын танып, адамның жан дүниесіне үңіле білген. Мысалы, "Баланды 5-7 жасқа дейін патшадай сыйла, 10-15-ке дейін құлша жұмса, 15-17 жасынан ақылға -ақыл қосар дос, жолдасыңдай сыйла" деген ғибраты баланың даму психологиясын жас ерекшеліктеріне қарап, сипаттап, саптап бөліп қойғандай. Осы кезеңдердің бірінен аттап кетсек тәрбиенің күрт бұзылуы даусыз. Ал, бұл қасиет дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет: баланың ішкі дүниесіне үңіле білу, жан – сезімін  түсіну, ұғыну, оған көмектесу.

Орта білім дамыту тұжырымдамасында "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имаңдылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, (еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.

 

Осынау өмірдегі әрбір жасөспірімге тән қасиет - ешкімге бағынышты болмай, қатар - құрбыларымен бірге ойнап, бірге күліп, ішкі жан сырларын да бірге бөлісіп, балалық бал дәуренін кенілді еткізу. Ол "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғалымдарының жетістіктерін пайдалана oтырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын  төрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне ілескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай  қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа  бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады. Мысалы, 'тәрбиесі қиын балалар" әдетте өмір тәжірибесінің таяздығынан, ерік-күшін  аздығынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тарғырдың тәлкегіне түседі.  Қиын» балалар ұғымы  1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Ал қазір мұндай жасөспірімдер көп.

«Қиын» оқушыларды екі топқа бөлуге болады:

Біріншісі – тән кемтарлырғы және жан-жарақаты бар оқушылар.

Екіншісі - отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.

Мектеп жағдайында қиын оқушыларды зерттегенде алдымен олардың дара ерекшеліктерін зерттеу қажет.

1.         Темпераменті, жыныс және жас ерекшеліктері (физиологиялық ерекшеліктері)

2.         Адам дамуындағы  психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері(ес, қиял, ерік, түйсіну, эмоция  қабылдау  және ойлау биологиялық ерекшеліктері)

3.         Баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі.

4. Жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адамгершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі.

5. Қиын бала туралы жалпы мәлімет, отбасындағы тәрбие жағдайы, сыныптастарының қиын  балаға қатысы, қиын оқушының оқуға, еңбекке айналасындағы адамдармен өзіне қарым қатынасы.

Тәрбиесі қиын балалардың пайда болуына бірден - бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын - отбасы тәрбиесі.

Оның бастылары:

-біріншіден, баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау;

-екіншіден, баланың бар жағдайын жасау,   яғни   мұң  -мұқтажын толығымен орындау;

-үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау;

-төртіншіден,   отбасындағы жағдай және отбасының әлеуметтік жағдайы,

Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер шиеленісе түсетіндігі айқын. Себебі, мектепте кейбір мұғалімдер баланың жеке басын сыйламай, педагогикалық этикаға жат қылықтар көрсетеді.

Мұғалімдер мен қиын балалардың арасындағы қарым-қатынас жүйесіндегі кемшіліктер: төмендегіше топтауға болады.

1.         Мораль белгілерімен заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды алдын-ала айқындай алмау. Оқушылардың дара  ерекшеліктеріне,   адамгершілік қасиеттерінің ауытқу себептеріне толық көңіл  аудармауы.  Ұжым  арасындағы қарым-қатынастардағы кемшіліктерді жоймау, балалардың  бос уақыттарын  тиімді ұйымдастырмауы.

2.         Тәрбиесі "қиын" оқушылармен тіл табыса алмауы яғни, жеке педагогикалық ықпалдар  жасай   алмаудан   барып, педагогтық этикаға жатпайтын тәсілдерді қолдану: ұрсу, әрбір қылықтарын талдауға алу, орынсыз жазалау, қандай бір жөнсіз «әрекеттер» болсын оны сол балаға жабу, кемсіту, т.б.

Дұрыс қолданылмаған шара жасөспірімдердің ыза кегін туғызып, балаға кері әсерін тигізеді.

3. Кейбір педагогтердің психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығы, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде кәсіби шеберлік дәрежесінің төмен болуы да себеп болады.

Қиын оқушылардың проблемаларын шешуде мұғалім ең басты оқушылармен психологиялық түйіспе (контакт) орната білуі керек. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасалмасын олар баланың ішкі жандүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.

Үлкендер мен жеткіншектердің арасындағы қатынас мынадай жағдайларда сәтті дамиды:

Егер жеткіншек үлкендердің әрекетеріне шын ниетімен қолғабыс көрсетсе;

Егер үлкендер жеткіншектерге үлгі бола білсе;

Егер үлкен адам жеткіншекті өзінің існе қатыстырып, керекті ептілікке үйретсе, қиындықтармен күресуге көмектессе.

Осындай түйіспе жасау үшін мұғалім балалардың әр жағдайдағы қылықтарын жүріс-тұрысын дұрыс бағалай отырып, соған өзінің әрекеттерін, тұлғалық сипатын сәйкестендіру қажет.

Мектепте оқушыларға ықпал жасайтын басты тұлғалардың бірі – сынып жетекшілері. Сынып жетекшілер жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдасып, ата-аналармен және жұртшылықпен бірлесе отырып, жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ғана ие бола алады. сондықтан әр уақытта оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын ескеріп, нәтижелеріне жүйелі салыстырулар жүргізіп, нақты талдау жасап отыруы қажет.

Ең бастысы әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім-тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан-жақты біліп, олардың тәрбиелік деңгейін анықтау үшін үздіксіз жұмыс істеу керек. Бұл ретте ұстаз оқушылардың тәрбиелілігін көрсететін саналылығы, адамгершілігі мен имандылығы, эстетикалық талғамы, танымдық даму дәрежесі, қызығуы, қоршаған ортаға өнерге бейімділігін т.б. ескеруі керек.

Сынып жетекшілері туралы әдістемелік хатта: сынып жетекшілері әр уақытта оқушылардың жаңа ұжымын қабылдай отырып, ең алдымен отбасының бала тәрбиелеу шарттарын зерттейді делінген. Сондықтан тәрбиешінің ең бірінші міндеті – балалар өсіп тәрбиеленетін ортаны зерттеу.

Жас ұрпақ тәрбиесі бір пәс босаңсуды көтермейтін тіршілік тынымсыздықтың аса өзекті тетігі болғандықтан, ешқашан күн тәртібінен түскен емес.

«Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар опат болады»,- дейді ертеден келе жатқан көнелер сөзі. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шынайы мәніндегі «адам» болып қалыптасуы қыруар уақыт пен еңбекті қажет ететін аумағы кең жауапкершілігі күрделі процесс екенін ұқтырса керек.

Тиімді тәжірибелі педагог ұзақ жылғы бай тәжірибесін бала тәрбиесіне орынды жұмсай білсе, бұл салада оң нәтижелерге қол жеткізуі сөзсіз. Ал, керісінше, әйтеуір күнім өтсе болды деп, жалақының ықпалында кетсе, бұдан өзгелер үлгі аларлықтай бір нәрсе шыға қоюы қиын.

Қысқасы бұл кәсіп енжарлық пен селқостықты, жүрдім-бардым тірлікті көтермейтін кәсіп.

Бүгінгі тәрбиеге бүгінгі қоғамға келсек, бүгінде оқушыларды ешнәрсемен таң қалдыра алмайсың. Олар өз тәжірибесінен бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда сауатты. өйткені олар күнделікті теледидарды қалт жібермейді, газет-журналдардың сан алуан ақпараттардан да хабардар. Бұл балаларға тәрбиеден бас қатырудың шамалы деген сөз емес. Олай десек қатты қателесеміз. Жаңағы айтқан ақпарат көздері ендігі жерде тәрбие істерін жеңілдетіп қана қоймайды, керісінше жаңа мәселелерге жол ашады.

Психологиялық түзету жұмыстары психолог жұмысының маңызды және жауапкершілігі мол әрекет.  Жеткіншек жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы қиыншылықтарды анықтап алған соң дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу кезінде төменгі факторларды есепке алмайынша істің табысты болмайтыны белігілі: отбасындағы жағдайы, досы кім, бос уақытын кіммен және қалай өткізеді, сабақ оқытуда неден қиналады, сынып ұжымымен және ұстаздармен қарым-қатынасы қалай, оның өзіндік тұлғалық ерекшеліктері.

Осындай ерекшеліктерін есепке алу – оған дұрыс диагноз қою мен бірдей. Дұрыс қойылған диагноз аурудың дұрыс ем қабылдауына оң әсер ететіні белгілі жайт.Осы баяндамамды нақыл сөзбен аяқтағым келеді

«Ана-сая болар бағың болса,

Әке –асқар тауың»дейді қазақта.

Бір күн бар жылатар күн,жұбатар күн,

Бір күн бар қуантар күн мұңайтар күн.

«Жақсыдан жаман туады ,бір аяқ асқа алғысыз»,

«Жаманан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз.

Құрметті  конференцияға қатысушы қонақтар және ұстаздар баланың болашағына бағыт беретін жандар, бала жүрегінен орын алыңыздар деп өз баяндамамды аяқтаймын.

 

Нурсадыкова Бибигуль Абилдакызы

Педагог-психолог.

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы.

 
 

Білім саласы

_______________________

_______________________

_______________________

Порталды пайдаланушылар

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін117
mod_vvisit_counterКеше284
mod_vvisit_counterОсы аптада2400
mod_vvisit_counterӨткен аптада1843
mod_vvisit_counterОсы айда3190
mod_vvisit_counterӨткен айда8992
mod_vvisit_counterБарлыгы1150655

Қазір онлайнда : 4
Сіздің IP: 3.235.41.241
,
Күні және уақыты: 2021-04-11 09:45