Бас редактор

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Назар аударыңыз

____________________

_____________________

Күнтізбе

Сәуір 2021
ЖДССБЖС
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
СУИЦИД - ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ЖӘНЕ БАСҚА АҚПАРАТ КӨЗДЕРІНДЕ СУИЦИДТІ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ ТУРАЛЫ ДҰРЫС АҚПАРАТ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ.

Қазақ Елі қарыштып дамып, бейбітшіл саясаты, ізгі ниетімен бүкіл әлемде үлкен беделге ие болуда. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын қабылдап, айқын мақсатпен алға басып келеміз. Кез-келген қоғамда өмірдің өзі тудырған қиындықтар болатыны белгілі. Ақпараттық технологиялардың тез дамуы, интернет, әлеуметтік желілердің әр адамға қолжетімді болуының пайдасымен қатар зиянды жақтарының да көп екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Интернет барлық адамдар үшін кез-келген  ақпаратты таратуға және қабылдауға мүмкіндік беруде. Өкінішке орай интернет желілерінде тарап жатқан ақпараттардың бәрі пайдалы деп айта алмаймыз. Ақпараттың арнаулы аудиториясы болатыны белгілі. Психологтардың зерттеулері зиянды ақпараттарды қабылдауға балалар мен жасөспірімдер бейім екенін көрсетуде.  Сондықтан да өздерінің теріс пиғылдарын жүзеге асырғысы келген адамдар балалар мен жасөспірімдерге арналған зиянды ақпараттарды интернет желілері арқылы жолдап, өз мақсаттарына жетуге ұмтылуда.

Соңғы жылдары суицид деген суық сөзді бұқаралық ақпарат құралдарынан жиі естіп жүрміз. Суицид дегеніміз – бұл саналы түрде өмір сүруді тоқтату, яғни осы тұрғыдан қарағанда өзіне-өзі қол жұмсау адамның саналы мінез-құлық актісі болып табылады.  Өзіне-өзі қол жұмсаған адамдар саны туралы фактілер бұл мәселенің бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі екенін көрсетуде. Ата заңымыздың алғашқы бабында «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» деп көрсетілуінің өзі өмірдің баға жетпес байлық екенін білдіреді. Адам неліктен өзіне-өзі қол жұмсайды? Осы сұраққа жауап іздеп көрейікші. Зерттеулердің нәтижесіне қарағанда жауапты адамдардың осы мәселе туралы қажетті ақпараттарды білмеуі негізгі себеп болып табылады екен.  Әлеуметтік желіде және басқа ақпарат көздерінде суицидті болдырмау жолдары туралы дұрыс ақпарат берудің маңызы зор. Бұл өзекті мәселе үшін ата-аналар, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар жауапты деп ойлаймыз.

Ұлы мақсаттарға ұмтылып, интеллектуалды ұлт боламыз дейміз. Егер белең алып бара жатқан суицид мәселесіне тосқауыл қоя алмасақ болашағымызға балта шабылады емес пе. Сондықтан да ата-аналар, ұстаздар, қоғамдық ұйым мүшелері, жалпы бүкіл қоғам өз жауапкершілігін сезініп, суицид мәселесі туралы білім деңгейін биіктетіп, ақпараттық сауаттылығын арттыру керек деп есептеймін.

Амиртаев Азат Ермекбаевич

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасы

 

 

СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ӨЗІНДІК  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СЕБЕПТЕРІ

Жастар арасында  бүгінгі таңда  қоғамның маңызды  проблемаларының біріне айналып отырған – суицид, яғни өз-өзіне  қол жұмсау мәселесі. Өкінішке орай, ұл-қызын ұлылыққа баулып өсіріп келген қазақ елінде статист мамандардың анықтауынша жастар арасындағы суицид бойынша әлемдегі үшінші орынға шығып отыр.

Адамзаттық  игілікке бастайтын қасиетті Құранда: “Өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар! Және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар. Расында (сіздерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді” делінген (“Ниса”сүресі 29-аят). Демек, адамның өз-өзіне қол жұмсауы-үлкен күнә. Бірақ, Алланың берген сыйы-қымбат өмірін өз еркімен қыршынынан қию үлкен күнә екенін жас жеткіншектердің  көбі біле бермейді. Жастар мен жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсауға неге үйір болып кетті? Қоғамды да, ата-ананы да алаңдатып отырған осы.

«Суицид» деген термин ХVІІ ғасырда пайда болған. ХХ ғасырда адамдардың өз-өзіне қол жұмсауының көбюіне  байланысты «суициодология» деген дербес зерттеу саласы пайда болды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша суицидтің үш түрі болады екен.

Бірі–шынайы суицид(бұл түрмен ауырғандар расында өлгісі келеді, көңілсіз жүреді), екіншісі-жариялық суицид (бұған барғандардың көбісі өлгісі келетінін алдын-ала жарияға жар салады) , үшіншісі- жасырын суицид (бұл түріне шалдыққандар өзіне –өзі қол жұмсау жақсы іс еместігін біледі, бірақ қиындықтан шыға алмаған сәтте өлімге бас тігеді).

 

Елімізде жасөспірім балалар  суицидтің бірінші және үшінші  түріне  көп шалдығатын көрінеді. Адамды суицидке итермелейтін факторлар көп. Бұл салалық-педагогикалық, медициналық немесе әлеуметтік мәселе ғана емес. Ол қоғамның күрмеулі проблемасы. Мұндай кезде көбінесе мұғалімдерді немесе медицина құрлымдарды кінәлап жатады. Сайып келгенде негізгі себеп- отбасы тәрбиесінде жатыр. Ал ата-ананың  сол балаға қаншалықты көңіл бөлгендігіне мән бермейміз. Қазіргі қоғамда әке мен баланың арасында  эмоционалдық  байланыс бар ма? Баласының мұндай қадамға барғаны ата-анасы үшін неге күтпеген жағдай болады?Бірінші кезекте кезекте осы сұрақтарға жауап алуымыз қажет. Соның нәтижесінен кейін ғана басқа себептерді жүйелі талдай аламыз.

Суцидтің көбейіп кетуінің себебін психологиялық тұрғыдан қарар болсақ:Біріншіден, отбасыдағы тәрбиенің төмендігі. Көптеген отбасылар баланың саны көбейткенімен , олардың көреді. Көреді дейміз-ау, бұл фильмдерді ана-анасы көрсетеді десек те болады. Ал осы теледидардан көргендерін жасап, түрлі ағымдардың жетегінде жүрген жасөспірімдер де жетерлік. Сондықтан, ата-аналарбаласының бойынан психологиялық ауытқушылықтар байқалса, оған шұғыл көмектесуі керек.

Міне, жастар арасындағы осындай жағдайдың себебін біреулер жоқшылыққа жапса, енді біреулер асып-тасығаннан деп жатады. Жастарды адастырып, шатастырып жатқан Абай атамыз айтқан “тамағы тоқтық, көйлегі көктік” пе? Сонда қалай, бұл- себеп-салдары түсінікті қалыпты жағдай өзімді-өзім жұбатып, сырттай  бақылаушы  болып  отыра  береміз  бе? Жағдай  түзелудің  орнына  үшыға  түссе  мұндай сәуегейліктен  бізге  не  пайда? Сондықтан  адам  өлтіріп, зорлық-қорлықты  дәріптейтін  ақпаратты  теледидардн  көрсетуге,үзілді-кесілді тыйым  сала  алмасақ  та, оларды  балаларымыздыңкөруіне  тиым қоя  аламыз  деп  ойлаймын.

Қасиеті Хадисте: “Кімде-кім бір жамандық көрсе, оны қолымен түзетсін, Егер оған шамасы келмесе, тілімен  түзетсін. Тілімен түзете алмаса, жүрегімен  түзетуге  тырыссын” деп айтылған сөзді әрбіріміз басшылыққа алатын болсақ, қоғамымыздың оң өзгерістері болары хақ! Сондықтан жастар арасында бұл дерттің кең етек алуына жол бермеу үшін мен  төмендегідей

Ұсыныстар бергенді жөн көріп отырмын:

Біріншіден , тәрбиенің де, білімнің де  бастауы болып отырған мектеп психологтарымен бірлесе отырып, ата-аналар комитеті тарапынан ұсыныс жасау арқылы 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау фактілеріне бару жолдарын анықтайтын сауалнама жүргізуіміз керек. Бұл жұмыс осы күнге дейін жүрді, бірақ біз мектептердің рейтингін төмендетіп алмау үшін бұндай фактілі жұмыстарды қағаз жүзінде қалдырып қойдық .

Екіншіден, сол анықталған рейтинг бойынша ата-аналар комитетінің қатысуымен  жастар арасындағы өзекті де үрей тудыратын Мәселелерге орайластырып түрлі тақырыптарда семинар тренинг өткізу керек. Семинар –тренингтің қорытындысы бойынша жасөспірімдердің сауалнама арқылы алынған өз-өзіне  қол жұмсау фактілеріне көз қарасын біз өзгерте алдық па , жоқ па, соны анықтап ауымыз қажет. Осы жұмыстардың нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсау әрекеттеріне баруы мүмкін балаларды анықтап алып, алдағы уақытта  ұзақ мерзімді психологиялық тренингтерге қатыстыру арқылы жан жарасын жазуға  атсалысамыз. Бұл ұсыныс 1% ғана ілгерілеу береді. 99%  жұмыс білім, тәрбие беру мекемелері мамандарының ата-аналарды тек демеуші ретінде көрмей, өзі берген тәрбиенің егіншісі ретінде  мектепке тарта білу негізінде іске асқанда ғана жалғасын таппақ.

Алтынбекова Жанат Сейтовна. Педагог-психолог.

 
 

Білім саласы

_______________________

_______________________

_______________________

Порталды пайдаланушылар

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін121
mod_vvisit_counterКеше284
mod_vvisit_counterОсы аптада2404
mod_vvisit_counterӨткен аптада1843
mod_vvisit_counterОсы айда3194
mod_vvisit_counterӨткен айда8992
mod_vvisit_counterБарлыгы1150659

Қазір онлайнда : 3
Сіздің IP: 3.235.41.241
,
Күні және уақыты: 2021-04-11 10:13