Бас редактор

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Назар аударыңыз

____________________

_____________________

Күнтізбе

Желтоқсан 2018
ЖДССБЖС
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Ұлт академиясы

«Қазығұрт» фольклорлық-энографиялық бірінші дәстүрлі ғылыми конференцияның

ЕРЕЖЕСІ

Тақырыбы: Киелі Қазығұрт – адамзаттың ортақ қазынасы.

Мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға атсалысу.  Ұлттық құндылықтарымыз және өркениет талаптары бойынша рухани жаңғыруға, киелі Қазығұрттың мәртебесін көтеруге үлес қосу.  Салт-дәстүрлерді жаңаша жаңғырту жолдары туралы идеяларды жинақтау, насихаттау және жүзеге асыруға ықпал жасау.

.

Ұйымдастырушы: Ұлт академиясы қауымдастығы.

Ұлт академиясы ұлттық құндылықтарды қастерлеу арқылы мемлекеттің негізін берік етіп, айқын мақсаты бар қуатты мемлекет болуды басты мақсатымыз деп біледі. Ұлттық құндылықтардың қайнары әр халықтың салт-дәстүрі мен фольклорында екені белгілі. Сондықтан да салт-дәстүрлерді заман талабына сай жаңаша жаңғырту жолдарын ғылыми негіздеу ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, журналистер, жазушылар мен ақындардың, жалпы барлық отансүйгіш азаматтардың парызы болып табылады.

Мақалаға қойылатын негізгі талаптар

Ғылымда сара жол, дайын сүрлеу жоқ. Жаңашалдық әрдайым дара және ғылыми негізделген болатыны белгілі. Жаңашылдық ең алдымен идеядан басталады. Сондықтан да ғылыми конференцияға ұсынылатын мақаланың тақырып аясындағы ғылыми негізделген идеясының болуын негізгі өлшем, басты талап етіп қойып отырмыз. Конференцияға салт-дәстүрлерді жаңаша жаңғырту жолдарының төмендегідей аспектілері бойынша ғылыми баяндамалар қабылданады:

1) Киелі Қазығұрт – адамзаттың ортақ қазынасы

2) Салт-дәстүр, салт-сана ұлттық ерекшеліктер;

3) Нарықтық экономика жағдайындағы ұлттық салт-сана ұстанымдарының өзгерістері және өзектілігі;

4) Адам капиталын дамытудағы салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар сабақтастығы;

5) Дәстүрлі тәрбие, отбасы және неке туралы заңын халқымыздың дәстүрлі ұстанымдарын ескере отырып жаңғырту жолдары. Отбасы туралы ережені бекіту, отбасы агенттігін құру туралы мәселелер;

6) Дәстүрлі заңдылықтар мен заң актілерінің ара қатынасы;

7) Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар;

8) Салт-дәстүр, ұлттық мәдениет пен өркениет үйлесімі туралы;

9) Құқықтағы, діндегі, экономикадағы ұлттық мәселелер.

Конференция қатысушылары: Конференция жұмысына отандық және шетелдік танымал ғалымдар, қоғам қайраткерлері, журналистер, жазушылар мен ақындар, ұлтжанды, отансүйгіш азаматтар қатысады.

Конференция тілдері: Қазақ, ағылшын, орыс, түрік.

Баяндамашыға берілетін уақыт: 10 минут +3 минут. Пікір білдірушілерге 5 минут уақыт беріледі.

Конференция веб-сайты: www.altynakparat.kz «Алтын ақпарат» Веб-порталы.

Конференцияға қатысу үшін тіркелу тәртібі мен мерзімі:

Конференцияға қатысу үшін Word мәтіндік редакторында Times New Roman, 14 шрифтпен жазылған 10 бетке дейінгі көлемде материалдар мына электронды поштаға Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript қабылданады. Мақала электронды поштаға «Қазығұрт» этно-конференциясы» деген атаумен жіберілуі тиіс.

Мақалада мынадай мәліметтер болуы керек:

  1. Авторлардың аты-жөні;
  2. Ғылыми дәрежесі;
  3. Қызметі, жұмыс орны;
  4. Электронды поштасы;
  5. Мақала тақырыбы;
  6. Зерттеу жұмысының мақсаты, негізгі идеясы, қолданылған әдістері және күтілетін нәтижелер.

Мақала сараптаудан өту арқылы жинақ ретінде жарыққа шығады. Конференция қорытындысы бойынша қаулы қабылданады. Конференцияға қатысу үшін 2017 жылғы 15-тамызға дейін қатысуға ниет білдірген азамат талапқа сай мақаласын ұйымдастыру комитетіне өткізуі тиіс.

ӨТЕТІН ОРНЫ: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ – ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ.

ӨТЕТІН УАҚЫТЫ: 2017 ЖЫЛ. 1-ҚАЗАН

Ғылыми конференция бағдарламасы:

  1. Қатысушыларды тіркеу.    8-30 – 9-00
  2. Салт-дәстүр орталығымен танысу.  9-00 – 9-30
  3. Конференция жұмысы.  9-30 – 13-00
  4. Түскі ас.13-00 –  15-00
  5. Қазығұртқа саяхат, «Ақбура әулие» кесенесіне зиярат ету.  15-00 – 19-00

Конференцияның ұйымдастыру комитеті:

  1. Сәдібек Төлтебаев                Төраға
  2. Жанұзақ Әкім                        Кеңесші
  3. Дихан Хамзабекұлы               Кеңесші
  4. Мекемтас Мырзахметов         Кеңесші
  5. Шаруа Пірмат                        Кеңесші
  6. Амангелді Айталы                  Кеңесші
  7. Нышан Байғұт                        Кеңесші
  8. Керімбек Ниязбаев                 Кеңесші
  9. Рүстем Бекзат                        Үйлестіруші
  10. Әзілхан  Ахметов                   Жауапты хатшы

Байланыс үшін:

Жауапты хатшы Әзілхан Ахметов

8-775-677-97-77

 

 

«Қазығұрт» фольклорлық-энографиялық бірінші дәстүрлі ғылыми конференцияның ережесі (ашып көру / көшіріп алу).

 


 

Білім саласы

_______________________

_______________________

_______________________

Порталды пайдаланушылар

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін297
mod_vvisit_counterКеше500
mod_vvisit_counterОсы аптада2065
mod_vvisit_counterӨткен аптада2768
mod_vvisit_counterОсы айда5382
mod_vvisit_counterӨткен айда11119
mod_vvisit_counterБарлыгы869983

Қазір онлайнда : 11
Сіздің IP: 35.175.190.77
,
Күні және уақыты: 2018-12-14 15:54