Бас редактор

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Назар аударыңыз

____________________

_____________________

Күнтізбе

Желтоқсан 2018
ЖДССБЖС
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Ақ тілек
Ұстаз - мектеп жүрегі

аавпав

 
Қармақшының қыраны

 

Қармақшының қыраны

Өмір деген толассыз алға қарай ағындап бара жатқан өзен сияқты. Дүниеге келген соң, өмірдің ағысына ілесіп, күн сайын сан түрлі тағдырлардың куәсі болып, сан түрлі азаматтарды кезіктіресің.

Олардың кейбірімен тығыз араласуға мүмкіндік бола бермесе, ал енді біреулерімен біте қайнасып ұзақ жылдар, тағдырларыңды бірге бөлісіп, ажырамастай күйде жүресің.

Міне, мен үшін сондай ұзақ жылдар бірге жүріп келе жатқан Сағаладдин Керуенов деген азамат. Ол, қасиетті Сыр өңірінің, Қармақшы ауданына қарасты Ақжар совхозында өмірге келген. 1962-жылы онжылдықты бітіргеннен кейін ол Шымкент қаласындағы Қазақтың Технология Институтына оқуға түсті. Біздің алғашқы танысуымыз сол студенттік кезден бастау алады. Сағаладдин оқуға келген кезде өзге балалардай емес, өте нәзік болтын. Сондықтан оны студенттер «Кішкентай» деп ат қойып алдық.

Студенттік кездер небір қызықты сәттерге толы өмір емес пе. Сол шақтардың бір-екеуін ғана еске түсіріп өтейін.

Біздерді оқу басталысымен бірден Шымкент облысына қарасты Жетісай ауданына мақта теруге алып кетті. Мақта теруде күніне 50-килограмнан өткізу керек деген тапсырма берілді.

Өмірінде мақта дегенді бірінші көрген Сағаладдинге ол қол жетпес шың еді. Қанша әуреленгенімен ондай тапсырманы көп студенттер орындай алмады. Сағаладиннің салмағы 40 кг нан аспайтын.

Мақтаны көп теріп өткізу үшін кейбіріміз, үлкен қанар қапқа жинап бірақ өткізетінбіз.

Біз екі студент, бұрын мақта теруге үйренгендіктен оны өз қасымызға алып, мұғалімімізбен келісіп үшеуміз бірге жинаймыз деп келістік. Ол келісімін берді. Бірде үлкен қанар қаптың ішіне Сағаладдинді отырғызып, жан жағын мақтамен тығыздап, білінбейтіндей еттік те апарып таразыға қойдық. Таразышы бір жас бала болатын, байқамай, бар салмақты жазып алып өткізіп жіберді.

Кейіннен бәріміз мәз болып, мақтадай ақ салмағың бар деп күліп жүретінбіз.

Біз оқып жүрген кезде 1-2- курс студенттері күндіз зауыттарда практика есебінде еңбек етіп, кешке оқитын едік. Біздерді, бес студентті, қаладағы май зауытына жіберді. Ол жерде Сағаладдинді механика цехындағы бір қарт кісіге жәрдемші етіп орналастырды.

Бірде институттағы лабараториядан беретін мұғалім кішкентай ғана моторға бір бөлшек жасап әкел деп тапсырма берді. Оған төрт жерінен 5 мм тесік тесу керек болатын. Түс кезінде сол тесіктерді өзіміз тесеміз деп бірнеше тескішті сындырып үлкен айқайға қалған болатынбыз.

Оқуымызды бітіргеннен кейін көбіміз Қызылордада жаңадан салынып жатқан үлкен күріш зауытына жолдамамен келіп еңбек еттік.

Сағаладдин оқудан кейін әскерге бір жыл барып келіп облыстық басқармада техника бөліміне инженер болып орналасты.

Солай 1969-жылдан бастап еңбек жолымызды бірге қайта жалғастырдық.

Қызмет барысында да талай республика, облыс көлеміндегі жиындарға бірге барып, отанымызға адал еңбек еттік.

Сондай өзінің астық сақтау, өңдеу тәсілдерін жетік білгеннің арқасында, халықпен тығыз байланыста еңбек ете алатынын көрсете білгендігінен облыстық басқармада бөлім бастығы, Қазалы астық қабылдау мекемесінде бас инженер, кейіннен өзінің туған ауданындағы астық қабылдау мекемесінде отыз жылдан астам директорлық қызметті атқарып, зейнеткерлікке шықты. Зейнеткерлікке шығып әркім өз туған жеріне қайтатыны белгілі. Солай, мен, 1996-жылы Сыр елімен хош айтысып туған жерім Шымкент қаласына қайтып кеттім.

Алайда Сағаладдин екеуміздің араласуымыз, достық сезіміміз көбеймесе азайған емес.

Жасы ұлғайғанымен оның досқа деген адал сезімі, ұйымдастыра білетін қабілеті азаймаған. Достарыммен кездесемін деп ол талай рет Шымкентке келіп кетуді өзіне міндет санайды.

Сондай келулерінің  бірінде баяғы 1962-жылы бірге оқуға түсіп, бір бөлмеде жатқан достарға ай сайын біреуміздің үйімізде отбасымызбен бас қосып «Гүрілдетіп, Әндетіп, бас қосайық»- ГӘБ - деп ұсыныс жасап біріктіріп жақсы бастама көтерді.

Міне, он жылдай болды сол ГӘБ-імізді жылда жалғастырып келеміз.

Біздер достары көбіміз 70-жылдық мерей тойларымызды өткізіп, немере-шөберелерімізді жетектеп, жайдары қарттықты өткізіп жүрген жайымыз бар. Ішіміздегі кішіміз «Кішкентай» Керуенов Сағаладдин алдағы келе жатқан тамыз айының 10-жұлдызында 70-жасқа толады.

Сол мерей тойының қарсаңында аяулы досымызды шын жүректен құттықтап, ұрпақтарының қызығын сүйікті жары Қалима екеуі ұзақ жылдар көре берсін деген тілегімізді сіздердің газеттеріңіз арқылы білдіруді жөн көрдік.

Сағаладдиннің еңбекте жеткен жетістіктерін, бірнеше рет ауданда депутат болып, өз үлесін қосқанын, облыстық атқару комитетінде де (советінде) депутат болып өз үлесін қосқан жетістіктерін сіздер бөлек жазады деп сенеміз.

Біздер студенттік достары (ұл-қыздары болып) өз құттықтауымызды өлең шумақтарымен жолдауды жөн көрдік.

Құрметті досымыз қабыл ал!

 

Қармақшының қыраны,

Отанның ер ұланы.

Сағалладин досымыз,

Туған елдің жыр-әні.

 

Өзі кіші болса да,

Қызмет етті қаншама.

Жасап жүрді әрдайым,

Жақсылығын баршаға.

 

Шымкент, Тараз қаламыз,

Студенті боламыз.

Досымызбен бір жүрген,

Кездің бүгін бәрі аңыз.

 

Адамдық боп басты әнің,

Өтті еңбекпен жас шағың.

Ұлы еңбек жолыңды,

Көкшетауда бастадың.

 

Туған ел деп көңілің,

Көркейттің Сыр өңірін.

Еңбегіңмен ақтадың,

Әркез елдің сенімін.

 

Жастарға үлгі жолдарың,

Туған елді толғадың.

Ел сенімі – халықтың

Қалаулысы болғанын.

 

Досты мақтан етемін,

Арманға бір жетемін.

Үлгі болдың баршаға,

Сен Қалима екеуің.

 

Қуанышың – ұл-қызың,

Немерелер – жұлдызың.

Жүре берсін еркелеп,

Шөберелер – нұрлы ізің.

 

Сыныптастар әр таңда,

Жүре бермес ортаңда.

50-жылдық кездесу,

Өтті сенің арқаңда.

 

Студенттік достарың –

Мәңгі жырлар дастаның.

Өмір деген сынаптай,

Өте шығар қас-қағым.

 

Сағалладин досымыз,

Асулардан асыңыз.

Бақыт, шаттық сыйласын,

Келген жетпіс жасыңыз.

 

Күліп өтсін алда күн,

Бақыттың тат бал дәмін.

Туған күнмен құттықтап,

Ақ жырымды арнадым.

 

Жақсы істі жалғадың,

Орындалсын арманың.

Құтты болсын досымыз,

70-жасқа толғаның.

 

Достық деген ұлы өнер,

Бақытты өмір сүре бер.

Жетпіс жасқа келсең де,

Жігіттей боп жүре бер!

 

Кеңес ағасы және барлық студенттік достарының атынан Мажитов Дәулетбай.

 


 

Білім саласы

_______________________

_______________________

_______________________

Порталды пайдаланушылар

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін297
mod_vvisit_counterКеше500
mod_vvisit_counterОсы аптада2065
mod_vvisit_counterӨткен аптада2768
mod_vvisit_counterОсы айда5382
mod_vvisit_counterӨткен айда11119
mod_vvisit_counterБарлыгы869983

Қазір онлайнда : 9
Сіздің IP: 35.175.190.77
,
Күні және уақыты: 2018-12-14 15:57