Жоба барысы
Ақпараттық қоғам өз талаптарын алға қоюда. Интернет қазіргі қоғамның бөлінбес бөлшегіне айналды. Жастар арасында да интернет арқылы әлеуметтік желілердің белең алғаны да ақиқат. Бұл фактіге Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында«Әлеуметтік желілердің мүкіндіктерін тиімді пайдалану, оның зиянды жақтарынан туындайтын суицид және басқа да қатерлерден сақтандыру жолдарын насихаттау» тақырыбында атқарылған жоба барысында көзіміз айқын жетті. Адамдар интернетті күннен-күнге көп пайдаланып келеді. Қазіргі кезде интернет кез-келген адамға қолжетімді деп айтсақ қателеспейміз. Сондықтан да ақпараттық сайттардың маңызы артып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік желідегі зиянды ақпараттардан туындайтын суицид және басқа да қатерлерден сақтандыру жолдарын насихаттаудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады. Осыны ескере отырып ақпараттық сайттарда, бұқаралық ақпарат құралдарында 20 насихаттық материал жарияладық. Қазіргі кезде жастар ақпаратты көбіненесе интернеттен алады. Оның тиімділігі кез-келген уақытта қолжетімді болуында. Әлеуметтік желідегі ақпараттар жастардың күнделікті талқылайтын ақпараттары болып табылады. Сондықтан да ақпараттық сайттарды бұқаралық ақпарат құралдарында шоғырланған материалдардың тиімділігі жоғары болды деп есептеймін.
Азат Бердалы
Ата-ана рөлінің маңызы!
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Әлеуметтік желілердің мүкіндіктерін тиімді пайдалану, оның зиянды жақтарынан туындайтын суицид және басқа да қатерлерден сақтандыру жолдарын насихаттау» тақырыбындағы әлеуметтік тапсырыс аясында ата-аналар қауымынада назар аударылды. Дана халқымызда«Отбасы – шағын мемлекет» деген жақсы сөз бар. Бала тәрбиесінде ата-ана әрдайым алда тұратыны белгілі. Зерттеулер көрсеткендей, суицид, яғни өзіне-өзі қол жұмсауға баратын жасөспірімдердің көбі ата-ананың бақылауында болмайды екен. Көптеген ата-аналардың суицид проблемасы туралы түсінігі жоқ немесе өте аз екені жақсы құбылыс емес. Ата-ана үшін өз перзентінен артық жан жоқ. Бауыр еті баласы – әр ата-ананың қымбат қазынасы. Күнделікті күйбең тірлікпен әуре болып жүріп, балаға көңіл бөлмеудің салдарынан үлкен қайғылы оқиғалардың болып жатуы орны толмас өкінішке алып баратынын көтеген ата-аналар аңғармайды да! Бала үшін де ата-анасы ең қымбат жан болып есептеледі. Әр бала өз ата-анасын ерекше құрметтейді. Осы жағдайларды ескере отырып, ата-аналарға арналған суцидтің алдын алу туралы ақпараттар, кеңестер дайындап, әлеуметтік желілірде орналастырдық. Ата-аналарға үшін кеңес парақшаларын жасап тараттық. Ата-аналардың суицидтің алдын-алу туралы алған ақпараттарының тиімділігі өте жоғары болды деп есептейміз. Суицидтің алдын-алу туралы ақпараттық кеңес алған ата-аналар өз перзенттеріне көбірек көңіл бөліп, олармен сойлесіп, көбірек бірге болуға тырысып, ата-аналық парыздарына үлкен жауапкершілікпен қарауда. Біз басты мақсатымызға жетіп, ойымыз жүзеге асты деп білеміз.
А.Әміртай
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД ПРОБЛЕМАСЫ
ОҚО ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге асқан жобада біз аталған тақырып бойынша түрлі жиындар өткіздік. Жоба барасында біраз мәселелерге мән берілді. Дегенмен, бүгінгі біздің қоғам өмірінде баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар бар. Олардың арасында әлем дабыл қаққан жасөспірімдер арасында көбейіп бара жатқан суицид проблемасы. Жалпы жасөспірімдік кезеңде адам түрлі қиындықтарға қарсы тұруға қабілетсіз және бұл кезең психикалық және денелік тұрақсыздықтың айқын көрінетін кезеңі. Адамның өміріндегі 14-25 жас аралығы оның аутоагрессивті әсерлерге жоғары сезімталдығымен сипатталады. Жасөспірімдер кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдауға дайын тұрады. Сондықтан жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық белгілерінің пайда болуының алдын алушылары бұл алдымен оның отбасы және оқу орны. Бұл кезеңде суицидті мінез-құлық белгілерінің көрінуіне әсер етуші бірден–бір фактор бұл-оның ата-анасы және отбасындағы жалпы психологиялық ахуал. Өз кезегінде жасөспірімдер барлық сфераларда өздерін көрсетуге тырысады. Бұл кезде белгілі бір мінез акцентуациясы айқын көрінетін жасөспірімдерге де назар аудару қажет. Мінез ауытқушылығының басты себебі бұл тәрбиедегі кемшіліктер және педагогикалық қарым-қатынастың адекватты емес сипаты. Бүгінгі күні суицидті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдермен жұмыстарды өз уақытында тиімді жоспарлап, бұл жұмыстың орындалуына аса мән берілуі керек. Өйткені әр жыл сайын, әсіресе жасөспірімдер арасында бұл қауіпті «дерт» кең етек жайып өрістеп келеді. Суицидті мінез-құлық белгілері байқалған жасөспірімдерге тек арнайы даярланған мамандар ғана емес сол белгілерді байқаған кез-келген адам көмек бере алады. Қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздығы салдарынан, қоғам мәдениетіндегі құндылықтардың төмендеуі, сәтсіз отбасы мен қолайсыз тұрмыстық-материалдық жағдайлар, жағымсыз қарым-қатынас, қоршаған ортадан, әсіресе мектептегі топтан оқшаулану, жасөспірімдердің психикалық ауруларға ұшырауы, сәтсіз романтикалық ситуацияға тап болуы, ішімдік пен есірткі заттарын қолдану - міне осының барлығы жасөспірімдердің суицидке баруына алғышарттар болып табылады.
|