Бас редактор

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Назар аударыңыз

____________________

_____________________

Күнтізбе

Желтоқсан 2018
ЖДССБЖС
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Қазығұрт-KZ журналы

 

БӘУКЕҢНІҢ ІШКІ ӘЛЕМІ

Оқырман назарына ұсынып отырған бұл туындыларда даңқты қолбасшы, əскери ғылымның білгірі Бауыржан Момышұлының жайшылықтағы мінез-құлқы, тапқырлығы мен шешендігі,ұлтжандылығы мен ойшылдығы, өскен орта ерекшелігі, елдік намысқа нұқсан келер жерде бет-жүзіңе қарамай айтатын турашылдығы бейнеленген. Жиырма жылдан астам уақыт қоян-қолтық араласып, тəлімін көрген, əрқилы жағдайдағы айтқан əңгімелерін тыңдап, көңліне түйген жазушы Мамытбек ҚАЛДЫБАЙ Баукеңнің ішкі əлемінің жұртқа беймəлім сырын мүмкіндігінше аша түскен. Жеке тақырыптармен өрнектелген туындылардың тілі көркем, оқиғасы қою, талғампаз оқырман көңілін баурап аларлықтай тəрбиелік, танымдық мəні терең.

ҚЫЗЫЛ ОТАУ

– Бала кезімдегі бір оқиға есіме түскені, –деп Баукең темекі түтінін көкке үрлей отырып, əңгімесін бастады. – Ол кезде жазда киіз үйде тұратынбыз. Сауатсыздықты жою
туралы декрет шыққан соң бар күш-жігер жұртты сауаттындыруға жұмсалды. Мектеп жоқ, мұғалім, оқулық жетіспейді.
– Келіңдер, оқыңдар.
– Е, бұл несі тағы? Ана жақта тірлігіміз бар,– дейді жүрт. Сонда халықты оқытуға тарту үшін қызыл отау ұйымдастырылды. Балаларды, үлкендерді жинап оқытады. Əліппеден бастап, соңынан өлең айттырады, əн шырқатады. Садық Абыланов: «Қарақтарым, бері келің-дер» деп халық əндерін, жаңа шыққан революциялық əндерді үйретеді. Ауыл адамдары кешкілік малын жайғастырған соң, «балалардың өнерін көреміз» деп қызыл отауға жиналып барады. Керосин шам. Концерт бастамас бұрын біреу: «Жасасын Совет өкіметі!» деп сөз сөйлейді. Артистер – оқушылар. – Баукең мəз бола күлді. – Домбырадан басқа музыкалық аспап жоқ. Билет сатылмайды. Репертуарымыз – халық əндері, тақпақ. Құрманбек Сағындықов екеуміз сахнада қосылып əн салатынбыз. Он үштердегі кезіміз. Қайырмасын:
–Жан қалтамда қос өрік.
Сəулем саған мен серік. Аха-ха-ау,– деп бітіретінбіз. Жұрттың бəрі қол соғып, мəз болады. Олардың сондағы құрметі осы бүгінгі халық артистеріне көрсететін құрметтен артып жататын.
– Ой, жақсы бала екенсіңдер ғой, тағы бір əн салыңдаршы?–дейтін. Қол соғу сыры – осы тілек. Садық Абылановтың ағасы Ізбасар домбыра тартатын. Мен бірде ақын Мағжан Жұмабаевтың «Шалдың үміті» деген өлеңін оқымақ болдым. Ізбасар ағай:
– Əй, мына жерін бүйтіп оқы, –деп кеңес берді. Ол кезде фамилиямыз аталмайтын, атымыз ғана аталады. Мақаланың толық мәтіні: (ашып көру/көшіріп алу)


Қазақстан әлемдік қауіпсіздікті нығайту жолында.
МАНИФЕСТ. «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР»

Қазақстан Президенті, Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев 2015 жылдың қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында болып өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-ші сессиясына қатысқан болатын. Осы сыртқы саясаттағы аса үлкен маңызызға ие болған жиында Н.Ə.Назарбаев «Жаһандық стратегиялық бастама – 2045 жоспарын» əзірлеу, Ядролық қарудан азат əлемге қол жеткізу жөніндегі БҰҰ-ның жалпыға ортақ декларациясын қабылдау, БҰҰ аясында терроризмге қарсы тұра алатын бірыңғай əлемдік желі құру жəне БҰҰ-ның штаб-пəтерін Азияға ауыстыру туралы халықаралық деңгейде оң пікірлер туындатып, қолдау тапқан ұсыныстар жасады. Сонымен қатар, Еліміздің өз аумағында Халықаралық ядролық отын банкін орналастыру жөніндегі МАГАТЭ-мен бірлесе отырып жасаған келісімі де əлемдік қоғамдастық тарапынан жоғары бағаға ие болды. Бұл қадам Қазақстанның сыртқы саясаттағы салмағын арттырып, жаһандық ядролық қауіпсіздікке қосқан нақты үлесіне айналды. Ал, 2016 жылғы 31 наурызда жариялаған Елбасымыздың «Əлем. ХХІ ғасыр» Манифесі Бірікен Ұлттар Ұйымының 2 бөлімінің ресми құжаты ретінде қабылдануы Н.Ə.Назарбаевтың əлемдегі беделді қоғам қайраткері екенін көрсетіп, Қазақстанның абыройы бұрынғыдан да биік деңгейге көтерілді. Мақаланың толық мәтіні: (ашып көру/көшіріп алу)

 

 

АБАЙ ТОЙЫ

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев.

Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ

даласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет Байтұрсынов

Қазақтың кемеңгер классик ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толған дүбiрлi тойын Қазақ Елі сонау 1995 жылы әлемдік деңгейде атап өткен болатын. ЮНЕСКО көлемiнде тұңғыш аталып өткен Абай мерейтойы әлемдiк мәртебеге ие болуымен ғана емес, Абайды дүние жүзiне танытудың, оның шығармаларының кемеңгерлiк көкжиегiндегi көрнектi орнын ұғындырудың тамаша үдерісі болуымен де құнды болды. Алайда, Абай­дай дара тұлғамызды алдымен өзiмiз жете танып барып, өзгелерге өнегелеуіміз қажет екендігі де айқын. Сондықтан да Абайды қаншама зерттеп, ол туралы қаншама айтсақ та, Абай тойын қаншама тойласақ та аздық етпейді. Өйткені ұлы ақын өмiрi мен мұрасы ақындықтың, ойшылдықтың, данышпандықтың мектебi ғана емес, ұлтын сүюдiң, халқының жанашыры болудың өмiрлiк өнегесi. Абайдың шығармаларын оқи отырып, оның өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін білім мен ғылымға, тәрбиеге негізделген жаңа арнаға салу керектігіне басты назар аударғанын көруге болады. Бұл ұлтымыз үшін әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған өзекті мәселе. Қазақ Елінің келешегі жас ұрпақты тәрбиелеуде Абай тұлғасының алар орны әрқашан ерекше болмақ. Белгілі публицист жазушы, әдебиетші ғалым Жұмағали Ысмағұлов ағамыздың: «Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді» деген сөздері осыған дәлел сияқты. Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алып, қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Адамзаттың көрнекті өкілдері Абай туралы қаншама ой-пікірлер қалдырып ұлы ақын тұлғасының даралығына таңданысты. Ондай құнды ойлар әлі де айтыла бермек, өйткені Абай еңбектері, ондағы философия әлі де толық зерттеліп бітпеген. Ал айтылып кеткен келелі ойларды әрдайым қайталау, оны санада үнемі жаңғыртып отыру бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналған Абайдың мол мұрасын келешек ұрпақ санасына сіңірудің бірден-бір жолы және ұлы ақынға көрсеткен үлкен құрметіміз деп білу қажет. Осы орайда, Абайдың 150 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте Елбасымыз, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев түрлі деректерге, құнды ойларға толы көлемді баяндама жасаған болатын: Мақаланың толық мәтіні: (ашып көру/көшіріп алу)

 

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ - ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЕЛДЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН БАСТЫ ТАЛАП

Демократиялық бағытпен дамуға бет алған тəуелсіз еліміз азаматтық қоғамның қалыптасуына жəне оның тұрақты дамуына барынша қолайлы жағдай жасауда. Өйткені азаматтық қоғам мемлекет пен жеке сектор арасында нақты байланыстың бар екендігінің айқын көрінісі. Бұл демократиялық елдерге қойылатын басты талап. Азаматтық қоғам мемлекет тарапынан қолдау тауып, үкіметтік емес ұйым өкілдері елде болып жатқан кез-келген процестерге емін-еркін араласып немесе оған өзіндік үлесін қоса алатын жағдайға жеткен кезде ғана азаматтық қоғам қалыптасты деуге толық негіз бар. Жалпы азаматтық қоғам ұғымының анықтамасы жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен еркіндіктерін заң жүзінде қамтамасыз ете алатын жəне саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы, үйлесімді дамыған қоғам дегенді білдіреді екен. Экономикасы дамыған Батыс елдерінде мемлекеттік маңызы бар қоғамдық жұмыстардың тең жартысын, тіпті басым бөлігін үкіметтік емес ұйымдар атқарады. Үкіметтік емес секторда батыстың дамыған елдеріндегі көрсеткіштерге жету үшін үлкен жұмыстар атқару керек екендігі айқын. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі коммерциялық емес ұйымға өз қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіру болып табылмайтын жəне алынған таза табысты қатысушылар арасында бөліске салмайтын ұйым ретінде анықтама береді. Қоғамдық ұйымдар əлеуметтiк, мəдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу, азаматтардың жəне ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, азаматтардың рухани жəне өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру, азаматтардың денсаулығын сақтау,қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегiн көрсету жəне басқа қоғамға пайдалы басқа да мақсаттарды көздейді. Азаматтық қоғамның қалыптасып, өз деңгейінде тұрақты түрде жұмыс жасауы үшін еліміздің əрбір азаматы атсалысуы қажет.

 

«АКТЕР МЕН РЕЖИССЕР БІРІН-БІРІ ӨСІРЕДІ»
Оңтүстік Қазақстан облыстық Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, Шыңғыс
Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, режиссер Қуандық ҚАСЫМОВ пен жазушы Шойбек ОРЫНБАЙДЫҢ сұхбаты.

Қуандық Құлмамырұлы, театр өнері – адамзат үшін көне əрі аса күрделі, табанды ізденісті талап ететін өнер екендігін зерделі жұрт түсінеді. Біледі де. Ежелгі Грекиядағы сахна қойылымы туралы ең ескі дерек біздің дəуірімізге дейінгі 2500 жылы сол кездегі жазбаға түсіпті. Ойлап қарасақ, қазір грек театрының тарихы төрт жарым мың жылдан асады екен. Солай бола тұра, қазақтың ұлттық театры өткен ғасырдың екінші онжылдығында ғана бой көрсетіпті. Дəлірек айтсақ, 1917 жылы маусым айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысындағы Абай ауданына қарасты Ойқұдық жайлауында ғұлама жазушы Мұхтар Əуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш рет сахналаныпты. Қазаққа таңсық қойылым ашық аспан астында қойылғаны белгілі. Ол үшін арнайы киіз үй тігіліп, соның алдына сахна жасалып, рөлдерді кілең ер адамдар орындағанын өнер тарихынан білеміз.
Шүкір дейік, бүгінде драматургтеріміз бен режиссерлеріміз бүкіл əлемді жауламаса да біраз елдерді елеңдетті. Солардың қатарында режиссерлік қарымыңызбен танылған сіз де барсыз. Бірқатар туындыларыңызды шетелдік көрермендер жылы қабылдағанынан хабардармыз. Өнер мен əдебиетте көрермені мен оқырманы жоқ туынды өміршең бола алмаса керек-ті. Өз басым, əн əуенінде Шəмшіні, поэзияда Мұқағалиды қазақпын деген адамның сезімін тербететін, жүрек кілтін тапқан композитор мен ақын деп бағалаймын. Сіздіңше, қазақ театр өнерінде əлгі біз айтқан адам жүрегінің кілтін тапқан режиссерлер деп кімдерді айта алар едіңіз?
– Қазақ сахналық өнерін қаншалықты кенже десек те, келер жылдың маусымында 100 жыл болады екен. Бір ғасыр аз уақыт емес. Біз бұл арада халқымыздың жаратылысына, мінез-құлқына жақындау ертеден келе жатқан сал-серілік өнерін қосып отырған жоқпыз. Өзіңіз айтқан «Еңлік- Кебектен» бері қарай ғана сахна құдіретіне құрық тастадық. Əдебиеттегі Мұхтар Əуезов, Мағжан Жұмабаевтармен үндесе келген кəсіби режиссерлерді атар болсақ, алдымен Жұмат Шаниннің, сəл кейінірек Асқар Тоқпановтың аты-жөндері аузымызға оралатыны сөзсіз. Ал, шын мəнінде кəсіби біліктілігі мықты режиссура менің көзқарасым бойынша Əзірбайжан Мəмбетовтың М.Əуезов атындағы академиялық драма театрына аяқ басуымен басталды ғой деп есептеймін. Ə.Мəмбетов ағамыз сол алдыңғы буынның көтерген жүгін өз иығымен көтеріп алып, биікке сүйреді. Мəскеудегі ГИТИС институтында атақты режиссер Андрей Александрович Гончаровтан оқып білім алған Əзекең дарындылығымен даралана отырып, нағыз кəсіби шебер, маман екенін дəлелдеді. Сонымен бірге келе-келе ол өзі де көптеген талантты режиссерлерге ұстаз бола білді.

СҰХБАТТЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІ

 

 

 


 

Білім саласы

_______________________

_______________________

_______________________

Порталды пайдаланушылар

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін297
mod_vvisit_counterКеше500
mod_vvisit_counterОсы аптада2065
mod_vvisit_counterӨткен аптада2768
mod_vvisit_counterОсы айда5382
mod_vvisit_counterӨткен айда11119
mod_vvisit_counterБарлыгы869983

Қазір онлайнда : 9
Сіздің IP: 35.175.190.77
,
Күні және уақыты: 2018-12-14 15:57